Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Серік Қонақбаев, Дарья Клебанова, Жәмилә Айымбетова-Тоқмади Лилия Рахтың кінәсіздігіне кепіл беретіндерін айтты.

Бұл туралы осы уақытта Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында өтіп жатқан Лилия Рахтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы барысында аталмыш айыпталушының адвокаты Гаухар Сәлімбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, қамауға алуды кепілдік қою, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен алмастыруға болады. Немесе үйқамаққа ауыстыру қарастырылған. Бұл жерде ешқайда кетпеу туралы қолхатқа негіз жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан кепілдікпен босату немесе үйқамаққа ауыстыруды дұрыс деп есептейміз», - деді адвокат. 

Еске салайық, Алматылық сәнгер Лилия Рахтың ұсталғаны бұған дейін хабарланған болатын. Ол адам ұрлады деп айыпталуда.

Л.Рахқа қатысты қылмыстық іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына түсті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен.

Кешенді тексеру шаралары барысында айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағыны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші қамалған мекен жай анықталып, ол аман-есен бостандыққа шығарылған еді. Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар: Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.

Лилия Рах, 1962 жылы туған. Байер, Sauvage бутигінің және «люкс» дәрежелі бірнеше дүкен иесі.

Сондай-ақ бүгінгі алдын ала сот тыңдауында Хамро Сувановтың адвокаты жәбірленуші Лилия Рахпен бітімге келгенін айтып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған еді. 

Келесі сот отырысы 18 қазан сағат 10:00-ге тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар