Серiк Қонақбаев: Гена өз мүмкiндiгiнiң ең биiк шыңында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Даңқты қазақстандық боксшы Серiк Қонақбаев WBA, IBO мен WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке қатысты ойларымен бөлiстi.

Серiк Қонақбаев: Гена өз мүмкiндiгiнiң ең биiк шыңында тұр

«Головкин бұл кездесуде жақсы мүмкiндiкке ие. Менiңше ол жеңедi. Мәселе тек қай раундта - үшiншi, төртiншi әлде бесiншi. Мюррей өте төзiмдi боксшы, соңына дейiн тұратын жiгiт. Гена шынымен өз мүмкiндiгiнiң ең биiк шыңына жеттi, өте керемет, тамаша бокс көрсетуде», - дедi Қонақбаев.

1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының күмiс жүлдегерi Головкин қарсыласын 2-4 раундтарда сұлатады деп топшылап отыр. «Дегенмен менде күмән бар, себебi британдық боксшы бұдан көбiрек шыдауы ықтимал», - деп түйдi сөзiн С. Қонақбаев.