Серік Пірімбетов Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбегі сіңген қайраткері атағына лайықталды
Таяуда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуразия даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі Серік Пірімбетовке төсбелгіні және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметіне еңбегі сіңген қайраткер куәлігін табыстады.
Серік Достанұлы аталмыш құрметті атаққа Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға, дипломатиялық қызмет жылдары ішінде кеңестік кеңістікте интеграциялық процесстерді нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.
С. Пірімбетов соңғы жылдары Орталық Азия экономикалық қауымдастығының бірінші төрағасы, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кеңесшісі, ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары,ҚР Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарды.
Марапаттау Қазақстан Дипломатиясы күніне орайластырылған.