Серiк Сәпиев астаналық студенттерге өмiрлiк ұстанымдары туралы айтып бердi

"Мен әрқашан Аллаға сенгенмiн. Спортшы ретiнде рингке шығар алдында әрдайым иманымды айтып шығамын. Әрбiр дiнде адамға қастандық жасамау, ұрлыққа бармау, зинақорлыққа бой алдырмау сияқты заңдар бар шығар. Мен осындай принциптермен өмiр сүремiн. Көптеген спортшылар исламды қабылдағаны белгiлi. Майк Тайсон, Мұхаммед Али сынды мұсылмандыққа мойынсұнған атақты адамдар бар", - дедi әлемнiң екi дүркiн чемпионы.
Оның айтуынша, лаңкестiк - адамға қастандық жасаумен тең. Ал ол өз кезегiнде ислам дiнiмен тыйым салынған.
"Лаңкестiк - кез келген адам өлтiру қылмысы секiлдi үлкен қылмысқа жатады. Сондықтан оған жол берiлмеуi тиiс. Сiздерге өз сенiмдерiңдi тауып, иманға келулерiңiздi тiлеймiн", - деді сөз соңында С.Сәпиев.
Айтка кетейiк, шараны ҚР Дiн iстерi агенттiгi және университет басшылығы өткiздi. Оған танымал дiнтанушы сарапшылар, наиб-имамдар мен исламтанушы ғалымдар, студенттер қатысты.