Серік Сәпиев Бүкіләлемдік бокс сериясы маусымындағы мықтыларды атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» клубының бас директоры Серік Сәпиев Бүкіләлемдік бокс сериясы маусымындағы негізгі қарсыластарды атады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Топтағы негізгі қарсыластар америкалықтар мен әзербайжандықтар болып есептеледі. А тобында тап қазіргі кезеңдегі мықтылары - Куба мен Ресей боксшылары»,-дейді ол.