Серік Сәпиев елордалық оқушылар үшін дене шынықтыру сабағын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елордалық мектептердің бірінің алтыншы сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабағын өткізеді, деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасынан.
Аталып өтілгендей, 2016 жылы 5 сәуірден 31 желтоқсанға дейін Астанада «Физкульт-УРА!» жобасы жұмыс істейді. Онда фитнес-клубтардың нұсқаушыларын, сонымен қатар «Астана» Кәсіби президенттік спорт клубының белгілі спортшы өкілдерін тарту арқылы оқушылар үшін дене шынықтыру сабағын өткізу қарастырылған.
Жалпы алғанда, олимпиадашылар елорда мектептерінде 25 сабақ өткізеді.