Серік Сәпиев: «Канеломен» төртінші жекпе-жек те өтуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД елдері дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Сәпиев «Sports True» берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші айқасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Серік Сәпиев: «Канеломен» төртінші жекпе-жек те өтуі мүмкін

- Головкинге «Канеломен» қайта кездесу үшін қолайлы сәт қашан туады?

- DAZN «Канело» - Головкин үшінші айқасын ұйымдастыруды бастады. Таяу уақытта бұл айқасты көре аламыз. Мүмкін, биыл шығар. Төртінші жекпе-жек өтуі де мүмкін.

- Оскар Де Ла Хойяның Головкинге Альвареспен кездесу үшін титул керек деген мәлімдемесі ше?

- Головкинге титул керек емес. Ол жоғары санатты боксшы екендігін көрсетті.