Серік Сәпиев қазақстандық боксшыларды Азиададағы жеңістерімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі дүркін әлем чемпионы, олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев қазақстандық боксшыларды Азиададағы жеңістерімен құттықтады.

Серік Сәпиев қазақстандық боксшыларды Азиададағы жеңістерімен құттықтады

«Бұл жақсы нәтиже. Біздің былғары қолғап шеберлерімізді осы жетістіктерімен құттықтағым келеді. Спортшыларымызды дайындауға көмектескен бапкерлер мен жетекшілерді құттықтаймын. Мұндай боксшыларды жаттықтырған бапкерлерге алғыс айтқым келеді», - деп жазды Сәпиев Sports.kz-тегі блогында.