Серік Сәпиев: Лондонда «Астана Арланс» үшін қиын болады, ағылшындар олимпиада жүлдегерлерін қосуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арланс» кәсіби бокс клубының бас директоры, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) жартылай финалдағы «Бритиш Лайнхартске» (British Lionhearts) қарсы кездесудегі өз командасының мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлады Vesti.kz.

Серік Сәпиев: Лондонда «Астана Арланс» үшін қиын болады, ағылшындар олимпиада жүлдегерлерін қосуы мүмкін

Кездесу 26-27 мамырда Лондонда өтеді. Сәпиевтің сөзіне қарағанда, қазақстандықтар үшін қиын болады, өйткені ағылшындар олимпиада жүлдегерлерін тартуы мүмкін.

- Ағылшындармен кездесетін спортшылардың барлығы дерліктей таңдалды, алайда есімдерін әзірге атамаймын, - деді Сәпиев. - Лондонда оңай болмайтынын бірден айтайын.

- Мүмкіндікті қалай бағалай аласыз?

- Кездесулер Ұлыбританияда өтетінін ескеріп, мүмкіндігімізді 50/50 қылып бағалаймын. Ағылшындар олимпиада жүлдегерлерін жұмылдыруы мүмкін. Біздің боксшылар да лидерлер, алайда бұл жолы бізге қиын болады.

- Осыған дейін «Астана Арланс» ағылшындармен кездесті ме?

- Иә, «Астана Арланс» 2013 жылы ағылшындардан жеңілді.

Команда мықты, онда Еуропа чемпиондары, Олимпиада ойындарына қатысушылар бар. Алдымызда күрделі сын тұрғанын түсінеміз, алайда жігіттер жақсы жетістіктерге ұмтылады, - деді Сәпиев.