Серік Сәпиев пен Бахтияр Артаев Ұлыбритания Парламентінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық боксшылар, олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Бахтияр Артаев Ұлыбритания Парламентінің жоғарғы палатасы - лордтар палатасына соқты.
None
None

«Досым Айдар Махметовтың шақыруымен лордтар палатасына бардым. Бұл жер Биг-Бен мұнарасының бір бөлігі», - деп жазды Instagram-дағы фотолардың біріндегі комментарийге Серік Сәпиев.

Еске сала кетейік, Б.Артаев пен С.Сәпиев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алуда.

Бахтияр Артаев - Афинадағы 2004 жылғы олимпиада чемпионы. Вэл Баркер Кубогының иегері.

Серік Сәпиев - 2012 жылғы Лондондағы олимпиада чемпионы , ЮНЕСКО елшісі. Сондай-ақ ол да Баркер Кубогының иегері. Қараша айында С.Сәпиев «Астана-Арландары» клубының бас менеджері болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар