Серік Сәпиев жанкүйерлерді «Astana Arlans»-қа қолдау көрсетуге шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы олимпиада (Лондон) чемпионы Серік Сәпиев жанкүйерлерді жаңа маусымда «Astana Arlans» клубына қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады Sports.kz

Серік Сәпиев жанкүйерлерді «Astana Arlans»-қа қолдау көрсетуге шақырды

«17 қаңтарда «Astana Arlans» Алматыда Дүниежүзілік бокс топтамасының жаңа маусымындағы бірінші матчтық кездесуін өткізеді. Біздің командамыз Венесуэладан келетін қарсыластары - «Caciques de Venezuela» бокс клубымен кездеседі. Барлықтарыңызды командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз! Біздің спортшыларымыз жанкүйерлерінің үмітін ақтап, оларды жеңістерімен және тамаша бокспен қуанту үшін қолдан келетінін жасайды», - дейді С.Сәпиев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Astana Arlans» бокс клубының Венесуэланың «Caciques de Venezuela» командасына қарсы матчтық ойынды осы сенбі, 17 қаңтар күні өткізеді.