Серік Сәпиев жол құрылысы кезінде киіктерді ұмытпауды ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жол салу жұмыстары кезінде жабайы түз тағыларын ұмытпауға үндеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ақтөбе-Мақат» тасжолын салу кезінде бізге жабайы жануарларды да ескеруіміз керек деп санаймын», - деді Серік Сәпиев.

 Мәжілісмен мысал ретінде киіктерді келтірді. Олардың миграциялық жолдары ескерілмесе, киіктер көп шығынға ұшырауы мүмкін.

«Осы орайда, жолдарды қиып өтетін жабайы жануарлардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар жасалады?», - деді Серік Сәпиев ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке қойған сауалында.

Өз кезегінде ҚР ИДМ басшысы «Ақтөбе-Мақат» жол учаскесінде миграциялық аумақтар жоқ екендігін айтты.

«Біз өзге органдармен кеңесеміз, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы рұқсат аламыз. Көрші жатқан учаскелерде, мысалы Арқалықтан Ырғызға, ары қарай Ақтөбеге баратын жолда киіктердің миграциялық аумақтары бар. Ол жолдарды жобалап жатырмыз, онда популяцияның өтуіне қажетті өткелдер жасалады», - деп түсіндірді Қасымбек.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасын мақұлдады.

Ол келісім бойынша, «Ақтөбе-Мақат» тасжолын қайта жаңартуға 230,3 миллион АҚШ долларын алу көзделген. Салынатын жолдың ұзындығы - 299 шақырым.

Соңғы жаңалықтар