Серік Сейдуманов Мәжіліс депутаты болды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Серік Сейдуманов «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Серік Сейдуманов Мәжіліс депутаты болды

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

Сейдуманов Серік Тұрарұлы 1957 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында туған.

1979 жылы Мәскеудің Химия машина құрастыру институтын тәмамдады.

1991 жылы Мәскеудің Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді. Еңбек жолын 1979 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында бастады.

ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары, Жастар, туризм және спорт вице-министрі, Білім және мәдениет министрлігі үйлестіру және қадағалау департаментінің директоры, ҚР Парламенті Аппараты Ақпараттық-талдау орталығының директоры, Президент Әкімшілігі ішкі саясат басқармасы қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2006 жылдың ақпанынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Ішкі саясат, денсаулық сақтау, ипотека, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, туризм, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтар мәселелеріне жауап берді.