Серік Жұманғарин вейптерге толық тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин вейптерге толық тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Жұманғарин вейптерге толық тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден вейптерге тыйым салу бойынша Үкіметтің ұстанымы жөнінде сұрақ қойды.

«Бұл мәселе бойынша салалық министрліктен тиісті мәліметтерді алуға болады. Осы қадам біреудің өнім өткізіп жатқан нарығын жауып тастау үшін жасалып жатқан жоқ. Басты мақсат - халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау. Себебі аталған өнімдер адамдардың денсаулығына кері әсер етеді», - деді С. Жұманғарин.

Бұған дейін елімізде вейп пен электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін екенін жазған едік.