Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды.

Серік Сәпиев
Фото: instagram.com/serik_sapiyev

Бұл туралы Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

— Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға! — деп жазды спортшы.

Бұған дейін атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға кіріскені мәлім болды.

Еске салсақ, Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты.

Соңғы жаңалықтар