Серік Жұманғарин салық реформасынан кейін Ұлттық қор қалай қолданылатынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналист Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен  салық реформасы мұнай бағасының түсуімен байланысты қатерлерді қаншалықты ескеріп жасалғанын сұрады. 

трансферт
Фото: Kazinform

Журналист салық реформасы мұнай бағасының түсуімен байланысты қатерлерді қаншалықты ескеріп жасалғанын сұрады.

— Одан кенін, ұмытпаңыз, мұндай уақытта Ұлттық қордың рөлі басталады. Ұлттық қор осындай жағдайларға, нарықта дағдарыс болған кезге арналған. Бұған дейін біз оны бірнеше жыл бойы басқа мақсаттарда қолданып келдік. Ол туралы айтылған сындар әділетті еді. Міне, бүгін, сондықтан Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымнан өтті. Бұл сынға жаңағы айтылған сындарға жауап деуге болады. Ұлттық қорды трансферт ретінде алуды тоқтатып, қиын кезеңдерде ғана қолдану тәжірибесіне оралуды көздеп отырмыз, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар