Серік Жұманғарин: Салық төлеп жүрмін, ұйқым тыныш

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге «Сіз қаншалықты адал салық төлеушісіз» деген сұрақ қойылды.

Серік Жұманғарин: Салық төлеп жүрмін, ұйқым тыныш
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Әрқашан бизнесте де, жеке өмірімде де бірінші салық төлеймін, содан кейін тыныш ұйықтаймын. Әкеміздің «тыныштық керек» дейтін сөзі бар. Салық төлеген адам тыныш ұйықтайды, — дейді ол.

«Салық төлеп тыныш ұйықтап жүрсіз ғой» деп нақтылады журналист.

Вице-премьер сұраққа сұрақпен жауап берді.

— Мен, иә, сіз ше? — деді ол.

Айта кетелік Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстан экспортына енгізген баж мөлшерлемесі туралы пікір білдірген еді

 

Соңғы жаңалықтар