Серікбай Нұржанов Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан жаңа төрағаны сайлады. 

Серікбай Нұржанов
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаевта қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, күн тәртібінде мәслихаттың төрағасын сайлау мәселесі қаралды. 

Депута Иманғали Игесенов төраға лауазымына тәжірибелі маман әрі басшы Серікбай Нұржановты ұсынды. Мәслихат басшысының лауазымын уақытша атқарушы Болат Садықов ұсынысты дауысқа салды. Нәтижесінде халық қалаулылары бірауыздан Серікбай Нұржановты қалалық мәслихаттың жаңа төрағасы етіп сайлады.

«Сенім білдіргендеріңізге көп рақмет. Соңғы кездері мәслихат жұмысында шешілмеген мәселелер туындап жатыр. Сондай-ақ қаладағы көкейтесті проблемалардың түйінін тарқату үшін баршаңызды ауызбіршілікке шақырамын. Қайрат Ахметтаевқа алғысымды білдіре отырып, сәттілік тілеймін», - деді Серікбай Нұржанов.

Айта кетейік, бұған дейін VIII шақырылымның депутаттары мәслихаттың бұрынғы төрағасы Қайрат Ахметтаевқа қатысты сенімсіздік вотумын жариялаған болатын. Сондай-ақ қоғам өкілдері мәслихат аппаратына байланысты сын айтқан еді. 

Осы аптада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сұхбаты шыққан еді, мына жерден оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар