Серуен қайығына салмағы 50 килә болатын акула шоршып мінген

АСТАНА. Тамыздың 11-ы. ҚазАқпарат - Американдық Флорида штатында серуен қайығына ұзындығы бір жарым метр, салмағы 50 килә болатын акула шоршып мінген,

Серуен қайығына салмағы 50 килә болатын акула шоршып мінген

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, осы сәтте қайықта бірнеше балықшы болған. Солай болғанымен, оқиға салдарынан ұзындығы алты метрлік қайықтағылардың ешқайсысы да зардап шекпеген.

Жарты сағат бойы бұлқынған жануар тынышталғаннан кейін, оны балықшылар суға лақтырып тастаған.