СЭС мәліметі бойынша елімізде жұқпалы аурулармен сырқаттанғандардың саны өскен

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станцияның деректері бойынша 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда бактериялық дизентериямен (100,5 пайыз), ротавирус энтеритімен (105,4 пайыз), мерезбен (116,3 пайыз), битшеңдікпен (102,4 пайыз) ауырғандар санының өскені байқалды. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

СЭС мәліметі бойынша елімізде жұқпалы аурулармен сырқаттанғандардың саны өскен

Атап айтқанда, АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2012 жылы 1986 оқиғаны (2011 жылы- 1991 тасымалдаушылар) құрады, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31 АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылар саны (2011 жылы - 19 тасымалдаушы) анықталды.

Тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы - халықтың 100 000 адамына шаққанда 6224,4 (2011 жылғы тиісті кезеңде - 7170,0) оқиға, ішектің өткір жұқпасы - 99,2 (113,2), тыныс органдарының туберкулезі - 70,9 (74,9), мерез - 36,6 (31,9), вирустық гепатит - 10,3 (16,3), битшеңдік - 9,7 (9,6) және қышыма - 6,1 (8,5) болды.

Бұдан бөлек, 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ротавирус энтеритімен (1,6 есеге) және эхинококкозбен (105,8 пайыз) ауырғандар саны өскен. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 90 оқиғаны (2011 жылғы желтоқсанда - 156) құрады.