16:00, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сеул маңында жасалған бомба сынағы қайғылы аяқталды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Сеулдің маңындағы Почхоне полигонында болған жарылыстың салдарынан бір адам қаза болып, ең аз дегенде, бес адам жараланды.
Оңтүстіккорейлік полиция өкілдері осындай нақтыланған мәліметтер хабарлады.
Жарылыс, Қорғанысты дамыту мемлекеттік агенттігінің мамандары жаңа үлгідегі бомбаның сынағын өткізіп жатқан кезде болған. Бомбаның түрі әзірге жарияланбай отыр. Полиция мен әскерилер оқиғаның мән-жайын тексеруде, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.