Сеулді қар басып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Корея Республикасының астанасында қарашада рекордтық қар жауып, қалыңдығы 16 см-ден асты. Бұл туралы сәрсенбі күні Кореяның метеорологиялық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Басқарма мәліметінше, қар сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жауа бастаған. 16,5 см қар жауды, бұл барлық бақылау кезеңінде қараша айындағы рекордтық көрсеткіш (метеорологиялық бақылау 1907 жылдың қазан айынан бастап жүргізілді).
Бұған дейінгі рекорд 12,4 см 1972 жылы 28 қарашада тіркелген.
Бейсенбі күні таңертеңге дейін ел бойынша жаңбыр немесе қар жауады деп болжанып отыр.
Kazinform үшін арнайы Синьхуа серіктес агенттігі ұсынған.
Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяда қар жауып, кем дегенде үш адам қаза тапты, кейбірі жарақат алды. Сондай-ақ 100-ден астам рейс тоқтатылды.