Сеулде былтыр болған қайғылы жағдайға жергілікті шенеуніктер кінәлі - тергеу тобы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қараша айында Сеулде Хеллоуин мерекесінде қайғылы оқиға тергеліп бітті. Істі тергеген арнайы полиция тобы жергілікті шенеуніктердің кінәсінен болды деген қорытындыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Сеулде былтыр болған қайғылы жағдайға жергілікті шенеуніктер кінәлі - тергеу тобы

Полиция Сеул қалалық мэриясының, Оңтүстік Корея ұлттық полициясының немесе елдің ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі екенін растай алмады. Есесіне қайғылы оқиғаға төменгі дәрежелі шенеуніктер кінәлі деп танылды. Олардың алтауы немқұрайлылық танытты деген айыппен қамауға алынды, олардың арасында полицияның бұрынғы басшысы мен қайғылы оқиға болған Сеул ауданының басшысы да бар.

Баяндамада тағы 17 адамды, оның ішінде Оңтүстік Корея астанасының полиция басшысын жауапкершілікке тарту ұсынылды. Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай полицияға шерудегі жағдайдың қауіпті болып бара жатқаны туралы ескертулер түскені белгілі болды. Алайда полиция мұндай 11 қоңыраудың тек төртеуіне ғана жауап берген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сеулдегі Хеллоуин шеруі кезінде 150-ден астам адам қаза тапты.

Фото: en.yna.co.kr