Сеулде «Gangnam style» клипіндегі танымал бидің құрметіне ескерткіш орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея астанасында кәріс әншісінің PSY «Gangnam style» клипіндегі танымал бидің құрметіне ескерткіш орнатылады.

Сеулде «Gangnam style» клипіндегі танымал бидің құрметіне ескерткіш орнатылады

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ескерткіште әнге ресми клиптегі би қозғалысын сипаттайтын қолдың түйіскен тұсы бейнеленген.

Жоғарыдан қарағанда қолдың саусақтары Жерді түгел қамтып тұрғандай көрінетіні атап өтіледі. Хванг Ман-Сеок жобалаған мүсін Сеулде ірі сауда-көрме орталығының алдына орнатылады.