Сеулде Хэллоуин мерекесінде қаза болғандар саны 120-дан асты

СЕУЛ. Yonhap – ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болып, тағы 100-ден астамы жарақат алды (осы уақыттағы мәлімет), деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Сеулде Хэллоуин мерекесінде қаза болғандар саны 120-дан асты

Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.

Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.

Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.

Айта кетейік, алғашында оқиға салдарынан 50 адамның зардап шеккені туралы ғана хабарланды. Кейін 2 адам қаза болып, 23-і жарақат алғаны айтылды. Одан әрі 59 адам көз жұмғаны және 150-ден астамы жарақаттанғаны жазылды.