13:21, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Сеулде Пак Кын Хе импичментіне қарсы наразылық акциясы кезінде екі демонстрант қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеулде жұмада Корей Республикасының президенті Пак Кын Хені биліктен аластатуға қарсы наразылық акциясының екі қатысушысы мерт болды.

Бұл туралы Рёнхап агенттігі хабарлады.
Оның деректеріне сәйкес, қайтыс болғандардың бірі 72 жастағы ер адам, ол полицей автобусынан құлап кетіп, басынан ауыр жарақаттанған. Екінші құрбан жайлы ақпарат жоқ.
YTN телеарнасының деректеріне сәйкес, оңтүстіккореялық астанада Конституциялық сот үкім жариялағаннан кейін бұл шешімге наразы демонстранттардың полициямен қақтығысқаны тіркелді.
Бұдан бұрын Конституциялық сот Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге импичментті бекіткен болатын.