Сеулде пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті
АСТАНА. YONHAP – ҚазАқпарат - Жексенбі күні Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 км қашықтықта орналасқан) бара жатқан.
Пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.
Болған оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.
Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.