Сеулде «Севол» кемесінің апатына қатысты наразылық шарасы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей елінің астанасында үкіметтің «Севол» кемесінің апатының құрбандарын құтқару мен іздестіру жұмыстарының нашар жүргізуіне байланысты наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Сеулде «Севол» кемесінің апатына қатысты наразылық шарасы өтті

Сеул орталығында өткен демонстрацияға шамамен 500-ге жуық азаматтық ұйымдар қатысқан, олардың қатарында Корея кәсіподақтар федерациясы мен қатысу демократиялылығы үшін халық бірлігі ұйымы бар. Наразылық білдірушілер ел президенті мен үкіметін бастапқы іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел қолға алмағаны үшін қатаң сынға алды. Акцияны ұйымдастырушылар бұған 30 мыңға жуық адам қатысқанын айтады. Олардың ішінде кеме апаты құрбандарының туыстары да бар. Ал полиция наразылық шарасында 10 мыңға жуық қатысушы болғанын жеткізді. Олар сондай-ақ мэрий алдындағы аза тұту ғибадатына барып қайғылы оқиға құрбандарын еске алды. Айта кетейік, бортында 476 жолаушысы мен экипаж мүшелері бар «Севол» кемесі 16 сәуір күні Корей шығанағының оңтүстік-шығыс бөлігінде батып кеткен болатын. Апаттан небәрі 172 адам құтқарыла алды. Құрбан болғандар саны 285 адам, ал тағы 19 жолаушы әзірге із-түссіз кеткендер санатында.