Сеулде тікұшақ көпқабатты үйге соғылды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Сеулде тікұшақ 38 қабатты I-Park көк тіреген үйге соғылды. Онда элиталық сәулетті үлкен үйлер орналасқан, деп хабарлады РБК. Тікұшақ ұшқышы қаза болды.
Аталған жағдай бүгін таңерең Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Гангнам ауданында болды. Тікұшақ LG Electronics компаниясына тиесілі.
Екінші ұшқыштың жағдайы ауыр, ол қазір ауруханаға жатқызылды. Басқа мәліметтер бойынша, ұшқыштардың екеуі де қаза болған.
Зәулім үй тұрғындарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ деп хабарланды. Ғимаратың бар болғаны терзелері сынған. Сеулдің шұғыл қызметтері апаттың себептері туралы әзірге хабар таратқан жоқ.