Сеулдегі Жапония елшілігінің қасында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея астанасы Сеул қаласындағы Жапония елшілігінің жанында белгісіз егде жастағы ер адам өз-өзін өртеп жібермек болған.
None
None

Бұл туралы Kyodo агенттігінен хабарлады.

Оның мәліметтерінше, оқиға маңында болған адамдар отты өшіре алды, алайда жасы 80-ге жетіп қалған қарттың тұла бойын күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді, есін жиғаны немесе жимағаны туралы хабарланбауда. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам осылайша өзін-өзі өлтірмек болған.

Бүгін Сеулдегі жапон дипмиссиясының қасында 2 мыңға жуық адам Жапония үкіметінен император әскерінің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрау талабымен наразылық шарасын өткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум