Сеулден шыққан ұшақ Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыға Сеул-Цюрих бағытындағы ұшақ шұғыл қонды.

Сеулден шыққан ұшақ Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Алматы әуежайының мәліметінше, 6 мамыр сағат 12:48-де мегаполистің халықаралық әуежайына Сеул – Цюрих бағыты бойынша ұшып бара жатқан Swiss әуекомпаниясының Airbus A350 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған. 

– Қонуға себеп – екінші ұшқыштың денсаулығының күрт нашарлауы. Ұшақ қонған сәтте оны әуежайдың медициналық қызметі күтіп алды. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін бекітілген тәртіпке сәйкес науқасты келген қалалық жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады әуе айлағынан. 

Қажетті тексеруден өту және әрі қарай ем алу үшін екінші ұшқыш №4 қалалық ауруханаға жеткізілген. 

Еске салайық, елімізде домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілді.