«Севилья» Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық «Севилья» футбол клубы Еуропа Лигасының ақтық сайысында португалдық «Бенфиканы» пенальти сериясында жеңді.
Туринде (Италия) өткен ойынның негізгі және қосымша уақытында жеңімпаз анықталған жоқ, есеп 0:0. Пенальти сериясында Унаи Эмери баптайтын ойыншылардың бағы жанды. Унаи Эмери ойын басталмай тұрып екі команданың деңгейі бірдей, үздігі пенальти кезінде анықталуы мүмкін деп болжам жасаған болатын. Осылайша испандықтар аталған турнирде үшінші рет топ жарып отыр. 2006 және 2007 жылдары олар дәл осындай биік белесті бағындырған болатын.