Севильядан Неапольге дейін - «Астана Опера» театрындағы концерт

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық және итальяндық композиторлардың жанды жадырататын музыкасы, сондай-ақ неаполитандық әндер 4 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Севильядан Неапольге дейін...» атты концертте шырқалады.

Севильядан Неапольге дейін - «Астана Опера» театрындағы концерт

Кастаньеттің ырғақты әрі динамикалық дыбысына орындалатын испандық би мен тореадорлардың алаңдағы суреттері ән кешінің ажарын аша түспек, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Концертте шырқайтын театр солистері: Ж. Жарқымбаева, А. Капонова, С. Мұратбекова, М. Шотабаев, сонымен қатар тізімде шақыртылған солист А. Жылтыргөзов бар. Сондай-ақ алуан түрлі дауыстар байлығы - меццо-сопрано, колоратуралық, лирикалық сопрано, тенор және баритон тыңдарманды өзгеше әуендерімен сусындататын болады. Концертте өткен ғасырдың көрнекті композиторлары: Ж.Массне, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, К.Сен-Санс, Р. Леонкавалло және басқалардың музыкасы орындалады.