«Севказэнерго» компаниясы жылу-электр орталығын жөндеуге 17,6 млрд теңге бөлді

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтіп, жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл «Севказэнерго» АҚ Петропавл 2-жылу-электр орталығын жөнге келтіруге 17,6 млрд теңге жұмсамақ. Бұл қаржыға 4 қазандық мен 3 турбоагрегатты күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ мұржаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жаңа мұржаның құрылысы жүріп жатыр.

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік тарату компаниясы» АҚ 402 шақырым электр желісін және 54 қосалқы станцияны жөндеуді және қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

«Көкшетау Энерго» ЖШС-і 1070 шақырым электр желісі мен 186 қосалқы станцияны жөндейді.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС-і 7 шақырым жылу желісін жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Екі жылу магистралінің құрылысы да аяқталады.

Облыста бюджеттік ұйымдардағы 151 қазандықты ауыстыру жоспарланған.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға жоспарланған барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, алдағы жылу беру маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған дейін СҚО бойынша көліктік ақылау инспекциясына жаңа басшы тағайындалғанын айтқан едік.

Соңғы жаңалықтар