«Севол» кемесі апатының құрбандарының саны 100-ден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон портынан Чеджу курорт аралына бет алған «Севол» кемесінің апатқа ұшырағанына бүгін 6-шы күн. Онда 476 адам, оның 350-і мектеп оқушылары болған. Қазіргі таңда денесі табылған марқұмдардың саны 100-ден асты, ал із-түссіз кеткендердің саны 220-дан асады, деп хабарлайды Вести.ru.
None
None

Осыған дейін кеменің қисаюына кенет бұрылу нәтижесінде онда тиелген жүктер бір жаққа ауып кетуі себеп болған деген болжамдар айтылған. Росбалтта жарияланғандай, бұл болжам негізсіз болып шықты. Мұндай хабарды Оңтүстік Корея Балық аулау және океанология министрлігі таратқан. Олар бұндай шешімге кеменің маршрутын бақылап отырған спутниктік радиолокациялық маяктағы ақпараттарды зерттеу барысында келген.

Соңғы жаңалықтар