Сейсенбіде күн жаңбырлы болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 12 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

жаңбыр
Фото: Pexels

Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Соның салдарынан қар аралас жаңбыр жауады.

Күндіз елдің орталығында қатты жауын-шашын жауады, таңертең және күндіз оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша көктайғақ болады, тұман шөгіп, боран соғады, сонымен қатар жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар