Сейсенбі елдің басым өңірінде жауын-шашынсыз өтеді -
Соған орай, сейсенбі көптеген аумақтарда жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде, кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді.
Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман түседі.
Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын тұман басып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысында бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Алматы облысының жекелеген жерлерінде тұманды болады, Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр күшпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 28 м/с-қа жетуі ықтимал.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, Қазақстанның бірқатар сулы нысандарында мұз қату процессі жалғасады. Елдің оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейі өзгеріп, жекелегені арналарынан тасуы мүмкін.