Сейсенбі күні болған өрт оқиғаларының салдарынан екі адам көз жұмып, бір адам жарақаттанды - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Кеше, республика аумағында болған өрт оқиғаларының салдарынан 2 адам көз жұмып, бір адам күйік жарақаттарын алды,

Сейсенбі күні болған өрт оқиғаларының салдарынан екі адам көз жұмып, бір адам жарақаттанды  - ТЖМ

 деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

 Мәселен, кеше Көкшетау қаласы Қызылжар ауылындағы жеке тұрғын үйдің 2 шаршы метр аумағында өрт шығып, оны сөндіру барысында 84 жастағы кейуананың мәйіті табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ-ның Ақмола облысы бойынша департаменті өртке қарсы қызметінің күшімен 12 минутта ауыздықталды.

 Сондай-ақ Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы жекеменшік тұрғын үй секторларының бірінен шыққан өрт 38 жастағы азаматтың өмірін қиып кетті. 07 сағат 00 минутта басталып, 40 шаршы метрге жайылған тілсіз жау облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің күшімен бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды.

 Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында «Қарашығанақ сауда» ЖШС-ның өнеркәсіптік аймағындағы талдау жасайтын зертханада болған өрттің салдарынан 24 жастағы азамат күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.