Сейсенбі күні ел аумағында екі жеткіншек суға кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні ел аумағындағы су қоймаларына екі жеткіншек батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі күні ел аумағында екі жеткіншек суға кетті - ҚР ТЖМ

Атап айтқанда, 29 мамыр күні Алматы облысының Жалпақсай кентіндегі суайдынына 10 жасар қыз бала батып кетті. Оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Сол күні Қызылордада Сырдария өзенінің маңындағы каналда шомылу кезінде 14 жасар бозбала суға кетті. Оның денесін жер бетіне жергілікті тұрғындар алып шықты.