09:48, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сейсенбі күні еліміз автожолдарында 2 адам мерт болып, 9 адам зардап шекті - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 22-сі күні республиканың автожолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларында 2 адам құрбан болып, тағы 9 адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алматы-Термез автожолының 743-ші шақырымында «Опель» үлгісіндегі екі автокөліктің соқтығысуы орын алды. Көлік жүргізушілерінің тұлғалары анықталған жоқ.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі мен тұлғасы анықталмаған жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етсе, тағы 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Семей қаласы Семей-Өскемен автожолының 15-ші шақырымында «Субару» және «Ауди» автокөліктерінің соқтығысуынан, екінші көліктің жүргізушісі мен «Субарудың» 40 және 42 жастағы жолаушылары ауруханаға жеткізілді.