07:27, 20 Ақпан 2018 | GMT +5
Сейсенбі күні Қазақстанның 15 қаласында ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, 20 ақпан, сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 15 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Қолайсыз метеожағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Ақсай, Орал қалаларында атмосфераға ластаушы заттардың тарауына ықпал етеді.
Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Тадықорған, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ықпалымен ауада ластаушы заттар шоғырланады.
Еске салайық, ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, жел соқпауы, баяу жел соғуы, тұман, инверсия әсерін тигізеді.