Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумақтарында күн ашық болады
Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 15-20, шаңды дауыл аралас ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Оңтүстіәк Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарында шаңды дауыл аралас желдің күші 15-20 м/с болады.
Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде ауа температурасының 0-ден 3 градусқа дейін суытуы сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күшті ыстық болады.
Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде су деңгейі төмендейді. Қара Ертіс, Семей қаласынан төменіректе Ертіс, Шәуілдір ауылы маңында (ОҚО) Арыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы күтіледі.