Сейсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының көп бөлігінде фронтальды ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар сақталып, жел күшейеді, солтүстікте боран, оңтүстікте - тұман, көктайғақ, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.

Сейсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді

Ақмола облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазастан облыстарында боран болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде боран болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтіледі.