07:31, 09 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сейсенбі күні Қазақстаның кей жерлерінде жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Тек елдің солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қар жаууы ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет.
![None None](/static/img/plug.webp)
Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыста тұман болады деп күтілуде. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с көтеріліп, боран соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.