Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ақпан, сейсенбі күні Қазақстанның барлық аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.