07:09, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Сейсенбі күні республиканың бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Қазақстанның көптеген аймақтарынан атмосфералық фронтальды бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қостанай, Жамбыл, түнде Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысының жекелеген аудандарында шаңды дауыл көтеріледі.