Сейсенбіде Ақтөбе мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 3 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 3 наурыз күні Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.