Сейсенбіде елдің басым аумағында жауын-шашын жауып, күшті желдер тұрады - Қазгидромет

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 25 қазан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен жекелеген жерлерде жауын-шашын болып, ұйытқыма желдер тұрады. Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.

Сейсенбіде елдің басым аумағында жауын-шашын жауып, күшті желдер тұрады - Қазгидромет

Атап айтқанда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында желдің күші 15-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысының кей аумақтарында тұманды, түнде және таңертең - көктайғақ, күндіз -18 м/с жылдамдықтағы жел күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болжануда.