Сейсенбіде еліміздің кейбір өңірлерінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сейсенбі күні еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.