Сейсенбіде Қазақстанда қар жауып, бұрқасын соғады
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста жылдамдығы 30 м/с-дан асып кетеді.
Алматы облысының кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, күндіз екпіні 28 м/с-ге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-25 м/с-ге күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында түнде жел 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінің тұман күтіледі.